Фудзи тауы

Фудзи тауы

Фудзи тауы — Жапониядағы ең биік шың, оның биіктігі 3776 метрді құрайды. Тау Хонсю аралында орналасқан және әлемдегі ең танымал жанартаулардың бірі. Фудзи әлі де белсенді жанартау болып саналады, бірақ соңғы рет 1707 жылы атқылаған. Тау пішіні симметриялы конус тәрізді, бұл оны ерекше көркем және эстетикалық тұрғыдан тартымды етеді. Жапон мәдениетінде Фудзи тауы киелі саналып, шабыт пен рухани күштің символы ретінде бағаланады. Қазіргі уақытта Фудзи — туристер мен альпинистер үшін танымал орын.

1 / 3

Фудзи тауы-Жапониядағы әйгілі тыныш жанартау. Фудзи тауы жыл сайын 1 шілдеден 27 тамызды қоса алғанға дейін адамдардың көтерілуіне ашылады. Осы уақыт аралығында Фудзи тауына 200000 адам көтеріледі.

Фудзи тауына күніне орташа шамамен қанша адам көтеріледі?

2 / 3

Фудзи тауына дейінгі Готемба жаяу жүргіншілер жолының ұзындығы шамамен 9 шақырымды құрайды. Жаяу жүргіншілер 18 километрлік саяхаттан сағат 20.00-ге қарай қайтып келулері керек. Тоши тауға 1,5 км/сағ орташа жылдамдықпен көтеріліп, осыдан екі есе артық жылдамдықпен қайта түсе аламын деп шамалады. Осындай жылдамдықтағы қозғалыстардың арасында тамақ ішуге және демалуға уақыт қалады. Тоши белгіленген жылдамдығын пайдаланып, ол сағат 20.00 қайтып келуі үшін өзінің тауға көтерілуін қай уақытта бастайтынын анықтаңыз.

3 / 3

Тоши Готемба жаяу жүргіншілер жолымен жүрген уақыттағы қадамдарын санау үшін қадам өлшегіш киіп алды. Ол жоғары қарай жүргенде, оның қадам өлшегіші 22 500 қадам жасады деп көрсетті. Тошидың Готемба жаяу жүргіншілер жолымен, жоғарғы қарай 9 км
жүргендегі қадамының орташа ұзындығын бағалаңыз. Жауабыңызды сантиметрмен (см) көрсетіңіз.

Your score is

The average score is 53%

0%